Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыс қаласында 1172 үй қалпына келтірілді

Арыс қаласында 1172 үй қалпына келтірілді

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6 мың адамнан асқан. Қаланың 17 секторында 250 арнайы техниканы тарту арқылы 197 құрылыс компаниясы жұмыс істеуде.Сондай-ақ, 65 әлеуметтік нысан қалпына келтірілуде, онда 1746 құрылысшы жұмыс істейді. 
«Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған министрлік өкілдері Арыс қаласындағы үйлерді және құрылыс барысын күнде бақылайды. Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 1 тамызға дейін тапсырылуы тиіс»,-делінген хабарламада.

17 шілде 2019 ж. 745 0