Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыста 435 үйге жөндеу жұмыстары басталды

Арыста 435 үйге жөндеу жұмыстары басталды

Әкімдіктегілердің мәліметінше, Арыс қаласы мен қала маңында 8867 үй бар. Соның 6127 үйі жарылыстан бүлінген. Осылайша 27 үй толықтай қайтадан салынатын болды. "Қазіргі таңда Арыс қаласы 17 секторға бөлінген. Бұл секторлардағы жөндеу жұмыстарына республиканың 16 облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 170 арнайы бригада келіп, 1194 құрылысшы іске кірісті. Олар тұрғын үйлерді бағалау жұмыстарын жүргізіп, 435 үйге жөндеу жұмыстарын бастап кетті", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер. Арыс 17 секторға бөлініп жөнделеді Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.
https://kaz.tengrinews.kz

03 шілде 2019 ж. 779 0