Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарты жылда қанша шенеунік қатаң сөгіс алды

Жарты жылда қанша шенеунік қатаң сөгіс алды

Қазақстанда 2019 жылдың 6 айында 142 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылды, "2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында 142 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 23 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылып, 2 - қызметінен төмендетіліп, 46 - қызметтік тәртіпке сәйкессіздік туралы ескерту, 22 - қатаң сөгіс, 23 - сөгіс және 26 мемлекеттік қызметкер ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп редакция сауалхатына жауап берді Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілдері. Айте кетейік, 2018 жылы тәртіптік жауапкершілікке 361 мемлекеттік қызметкер тартылған. Оның ішінде, 29 - қызметінен босатылды, 4 - қызметінен төмендетілді, 150 - қызметтік тәртіпке сәйкес келмеу туралы ескерту, 56 - қатаң сөгіс, 70 - сөгіс және 52 қызметкерге ескерту жарияланған.  "Тәртіптік жауапкершілікке тарту көбінесе этикалық нормаларды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылықды, оның ішінде жеке тұлғаларды және (немесе) заңды тұлғалар үшін жаза тағайындалды", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілдері.  Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа Арыс қаласында болған оқиға үшін қатаң сөгіс жариялаған еді.
https://kaz.tengrinews.kz
18 шілде 2019 ж. 591 0