Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджет қаржысын дұрыс жұмсамаған 224 адам жазаланды

Бюджет қаржысын дұрыс жұмсамаған 224 адам жазаланды

2018 жылы бюджет қаржысын дұрыс жұмсамаған 224 қызметкер жазаланды. Бұл туралы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Парламент Палаталарының бірлескен отырысына мәлімдеді.

«2018 жылы бюджет ақшасының дұрыс жұмсалмауы 138 миллиард теңге шығынға әкелді. Ал бұл үшін кім жауапкершілік алды? Әрине, көп жағдайда қаржының жұмсалуына қатысты шешім қабылдамайтын қарапайым қызметкерлер. 2018 жылы Есеп комитетінің мәліметінше, 224 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 9% ғана – басшылар», - деп айтты Есеп комитетінің төраағасы екі палатаның бірлескен отырысында. 
Ол осыған байланысты басшылардың жауапкершілігін күшейту мақсатында заңнамаға қандай да бір өзгерістер енгізу қажет екенін айтты. 
«Жүзеге асып отырған заңнамаға жоғары қызметтегі тұлғалардың осындай жағдайда жазалануына қатысты өзгерістер енгізу аса маңызды. Тұлғаларды бюджет қаражатын дұрыс бағытта жұмсамағаны және жоспарламағаны үшін жауапкершілікке тарту қажет», - Годунова.
Осыған дейін Наталья Годунова халық еңбекақысының өсімі нығайып келе жатқаны туралы айтқан еді.
https://baq.kz
20 маусым 2019 ж. 613 0