Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жазғы еңбек маусымы басталды

Қызылордада жазғы еңбек маусымы басталды

Облыстық жастар орталығында "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының маусымдық кезеңде ашылу салтанаты өтті. Оған 200 сарбаз қатысты, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
Іс-шараға Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов қатысып, сарбаздарды облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің алғыс хатымен марапаттады. "Жасыл ел" қатарында жұмыс атқарушы белсенділер өз өнерлерін көрсетіп, еңбек майданына жолдама алды.
«Сенің еңбегің – сенің ертеңің» ұранымен облыстық еңбек маусымы ашылды. Биылғы маусымда 1035 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда облыс бойынша 16-29 жас аралығындағы 520 сарбаз еңбекке араласып жатыр. Тамыз айының аяғына дейін қалған жастардың барлығын еңбекке тартып, толық қамтитын боламыз», - дейді облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жетекшісі Серік Әбіл.
Kyzylorda-news.kz. 
24 шілде 2019 ж. 906 0