Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АДАМ АҒЗАСЫНА АЙДЫҢ ӘСЕРІ

АДАМ АҒЗАСЫНА АЙДЫҢ ӘСЕРІ

Айдың адам азғасына әсер ететіндігін ежелгі пәлсапашылар мен ойшылдар айтып кеткен. Олар жарықтың тірі және өлі табиғатқа қалай әсер ететіндігін зерттеп, астрономия, астрология және жаратылыстану ғылымдарының негізінің қалануына себеп болған.Ағзаға әсер ету сипаты Ай жүйесінің фазасына байланысты. Кейде таңертеңгі уақыттарда сергек әрі күш қуатыңыз тасып оянып, ал кейде керісінше шаршаңқы әрі қалжырап тұратыныңызды байқаған шығарсыз. Егер бұл дерекке көбірек назар аударсақ, сіздің жағдайыңыз бен көңіл-күйіңіздің белгілі бір жүйе бойынша ауысып отыратындығын байқауға болады. Ай әйел адамға көбірек әсер етеді, өйткені олардың ағзасы ай жүйесіне аса сезімтал келеді.
Айдың әсер ету аспектілері:
- гравитациялық: адам денесі 80% судан тұрады, сондықтан теңіздегі судың көтерілуі мен қайтуы сияқты Жер серігінің әрекеті адам денесіне де әсер етеді;
- электромагниттік: Айдың Жер өрісіне әсері адамның биохимиялық әрекеттерін баяулатып немесе жеделдетіп, жалпы хал-жайына ықпал етеді;
- климаттық: Айдың қимыл-қозғалысы көптеген табиғи құбылыстары мен процестердің түзілуіне септігін тигізеді;
- психологиялық: бір кездері адамдар Айды құдіретті күш деп санап, оған табынған. Сол кездердің әсерінен адам генетикасында жатталып қалған рефлекс айлы түні адам бойында уайымшылдық пен үрей тудырып жатады.
Жаңа Ай
Жаңа Ай кезіндегі ашуланшақтық пен күш түсу сияқты жағымсыз әсерлер әйелдерге аса әсер етпейді. Ал ер адамдар ағзаға күш түспеуін қадағалап, барынша салмақты болуға тырысуы керек, өйткені инсульт пен инфаркт алу қаупі осы кезеңдерде артатыны байқалған.
Айдың қалпы кезінде берілетін нұсқаулықтарды ұстану арқылы жүйке жүйесі мен денсаулықты сақтауға болады.
Бірінші ширек
Бірінші ширек кезеңінде Ай адамның психикалық және физикалық денсаулығына оң әсер етеді. Күш қуатыңыз артып, сергек жүресіз. Осы сәтті пайдаланып, жаттығулар легін бастасаңыз болады. Сонымен қатар, бұл дәрумендерді тұтыну, салауатты өмір салтын бастауға тамаша кезең.
Толған ай
Бұл фаза сезім мен эмоциялардың асқынуымен ерекшеленеді. Толған ай көбіне нәзік жанды аруларға әсер етеді. Жүйке жүйесі сыр беріп, ұйқысыздық орын алып, бір жерде отыру қиынға соғады, оған қоса эмоцияға тым берілуді байқауға болады.
Медициналық зерттеулер қанның қоюлануы мұндай кезеңдерде төмендеп кететінін көрсеткен, сондықтан, маңызды оталарды басқа уақытқа қалдырған жөн.
Ай қалпын ескере отырып ем қабылдау да жақсы нәтижелерге қол жеткізуге әсер етеді.
Соңғы ширек
Бұл кезең – мазаңызды алатын барлық заттардан құтылуға жайлы уақыт. Диеталар, ағзадан улы заттар мен боқаттарды шығаруға бағытталған процедураларды бастап, тіс дәрігеріне осы Айдың соңғы ширегі кезеңінде бару ұсынылады.
https://alashainasy.kz
26 шілде 2019 ж. 1 119 0