Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ​Ми жұмысына әсер ететін нәрселер

​Ми жұмысына әсер ететін нәрселер

1. Ұйқысыздық Соңғы 100 жылда адамдардың ұйқысы 20%-ға кеміген екен. Ұйқысыздыққа ұшыраған жандар өздерін өте әлсіз сезінеді. Ұйқының миға қатты әсер ететінін ұмытпағанымыз жөн. 

2. Таңғы астан бас тарту 
Дана халқымыздың «таңғы асты тастама» деп айтуы бекерден бекер емес. Өйткені адамның күндізгі көңіл-күйі, жұмысқа деген ынтасы тікелей таңғы асқа байланысты. Таңертеңгі тамақтан бас тартсаңыз, қаныңыздағы қант мөлшері де төмендейді. Ал ол миға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. 

3. Темекі шегу 
Шылым шегетін адамдардың ең алдымен тісі сарғайып, өкпесі қабынады. Оған қоса темекінің құрамындағы никотин миға зиянын тигізіп, альцгеймер ауруына шалдықтырады. 

4. Су 
Судың жетіспеуі де миға қатты әсер етеді. Біріншіден, есте сақтау қабілетіңіз нашарлайды, екіншіден, ештеңеге зауқыңыз соқпайды. Сол себепті, дәрігер мамандар күніне 2 литрден артық су ішуді ұсынады. 

5. Артық ақпарат 
Бізге қабылдаған ақпараттың бәрін ой елегінен өткізіп, сараптаудың қажеті жоқ. Өйткені, оның ішінде бізге пайдасыздары да бар. 
Жоғарыда айтылған кеңестерге құлақ түріңіздер. "Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі" екенін естен шығармайық, достар!
reactor.inform.kz​​​
25 қазан 2018 ж. 1 481 0