Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қартаюға кедергі болатын 5 әдет

Қартаюға кедергі болатын 5 әдет



Айналаңызда кейбір адамдар өзінің биологиялық жасына қарағанда жас көрінеді ме? Мұны көпшілігі алкогольді ішімдіктерден, шылым шегуден, есірткі пайдаланудан аулақ жүретін адамдар деп түсінуі мүмкін. Алайда, мұндай әдеттерден аулақ болса да, өз жасынан егде көрінетін жандарды кездестіреміз. Ұзақ жасау үшін ағзаңызға жақсы жағдай жасауыңыз қажет. Қартаюдың алдын алуға төмендегі кеңестердің тиер пайдасы мол.

Қатаң диеталарды ұмытыңыз

Сіздің ағзаңыз дұрыс жұмыс жасау үшін, майды қажет етеді. «Май – зиян!» деген сенім бәріміздің ойымызда жатталып қалған. Бірақ тағам өндіруші компаниялар майсыз тағамдарды бірнеше жылдан бері шығарып келсе де, артық салмақ мәселесі әлі күнге дейін жойылған жоқ. Біздің ағзамызда қартаюмен күресетін тестостерон гормоны дұрыс қызмет атқару үшін холестерин мен майды қажет етеді. Сонымен қатар, бұндай диеталар артық салмақ қосудың бастапқы сатысы болып табылады. Артық қыламын деп, тыртық қылып жүрмеңіз.

Арқа жаттығулары көмектеспейді

Сізге керегі – жүрегіңіздің жақсы соғуы емес пе? Бірақ оған ұзақ уақыт жасалатын арқа жаттығулары көмектеспейді. Егер төзімділік үшін арқаның бұлшық еттерін созып жаттығатын болсаңыз, тоқтатқаныңыз дұрыс. Бұл, керісінше, ағзаның қартаю процесін жеделдетеді. Осындай жаттығуларды қысқа, жылдам жасалатын, ептілікті қажет ететін жаттығулармен алмастырыңыз. Мұнымен жүректің қызметін жақсарта аласыз.

Денсаулығыңыздың нашарлауын жасыңыздың келуінен көрмеңіз

Бәрі өзіңізге байланысты. Егер қартайдым деп, өзіңізді иландырсаңыз, ағзаңыз да соған көнеді. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдансаңыз, әлі жап-жас екеніңізге айналаңыздағы жандар да сеніммен қарайды. Күн сайын оптимистік көзқараспен жүрсеңіз, мәселелеріңіздің де азаюы сөзсіз.

Суды көп ішіңіз

Бауыр мен бүйректің қалыпты жұмыс істеуіне судың пайдасы зор. Әрі теріңіз де жақсара түспек. Суды күнделікті ішіп тұруды әдетке айналдырыңыз. Дәрігерлердің кеңесі бойынша, судың 20%-ы күнделікті қабылдайтын тамақтан, қалған 80%-ы ауыз су мен басқа да сұйықтықтан келуі керек. Тағы айта кететіні, әр күніңізді бір стақан су ішуден бастаңыз. 

Ұйқыңызды қандырыңыз

Тым аз ұйықтау немесе тым көп ұйықтау миыңызға кері әсер етеді. «Күніне 8 сағат ұйықтау керек» деген жалған стереотипті жадыңыздан өшіріп тастаңыз. Ғылыми зерттеулер бойынша, күніне 6,5-7 сағат ұйықтайтын адамдар ұзақ өмір сүреді екен. Ұйқысыздыққа әсер ететін факторлардың бірі – магнийдің жетіспеуі. Осы элемент көп кездесетін саумалдық (шпинат) және асқабақтың дәндерін көп жеңіз.
reactor.inform.kz​​​
16 желтоқсан 2019 ж. 1 623 0