Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар пакеттегі шайлардың зиянын анықтады

Ғалымдар пакеттегі шайлардың зиянын анықтады

Британияның шай өндірумен шұғылданатын Newby Teas компаниясы зерттеу жүргізіп, пакеттегі шайлардың адам денсаулығына қалай әсер ететінін анықтаған.



Ғалымдардың айтуынша арзан шайлардағы тіске пайдалы фтордың мөлшері нормадан алты есе асып түседі екен. Мұндай көрсеткіш адамның тамырларына зақым келтіреді.
 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күніне пакеттегі шайды төртеуден артық ішпеуге кеңес береді. Оның орнына таңертең кофе ішуді ұсынады. Сондай-ақ шайға қант, сүт, бал мен басқа заттар қоспаған абзал. Қара шайдың орнына көк шайды көбірек ішкен жөн.
13 сәуір 2018 ж. 1 762 0