Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Моңғолияда жас қазақ кәсіпкерлер шай өндірумен айналыса бастады

Моңғолияда жас қазақ кәсіпкерлер шай өндірумен айналыса бастады

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын ағайынды жігіттер құрған "Western-Besik" компаниясы "Бай-Өлке" атты шай өндіре бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

Б.Солтанбек, Ж.Жоламан есімді екі жігіт университет бітірген соң, 2016 жылы "Western-Besik" компаниясын құрады. Компания қазақ халқының ежелгі дәстүрімен “Sakhar” деген атаумен қара сабын (сахар) жасауды қолға ала бастайды. Бұдан басқа, қазақы ою-өрнек салынған сөмке, кәшөлөк, т.б. кәдесыйлар жасайды.
«Біз басында Ұланбатыр қаласында қолға алғанбыз. Енді өзіміз туып-өскен Өлгей қаласында да шай өндіруді қолға алып отырмыз. Шайдың негізгі шикізатын Үндістанның Дели қаласынан әкелеміз. Әзірге шайдың жапырақты және түйіршікті – екі түрін өндіреміз. Біз өндірген шай қазіргі нарық бағасынан 10 пайызға арзан болады деп жоспарлап отырмыз» - дейді компания басшылары.
Қазіргі таңда компания айына 6000 қорап шай өндіруге қауқарлы. Бұл Баян-Өлгейдегі шайды тұтыну көлемінің 40-50 пайызын иелене алады деген сөз.
Бұған дейін өлгейліктер Ресей мен Қазақстаннан экспортталған шайды тұтынатын.

Baq.kz
02 сәуір 2018 ж. 1 528 0