Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күннің ыстығы адам ағзасына қалай әсер етеді?

Күннің ыстығы адам ағзасына қалай әсер етеді?

Адам тыныс ала алатын ең жоғары температура шегі 116 градус болғанымен, жаздағы +30 градус ыстыққа төтеп берудің өзі оңай емес. Жазда тымырсық ауада тыныс алу, әсіресе қала тұрғындары үшін ауыр: асфальт, көлік түтіні, көпқабатты ғимараттар. Шілденің шіліңгір ыстығы бәріміздің әбігерге салуда. Күннің ыстығы адам ағзасына қалай әсер етеді?  Жүрек аурулары: Ыстық ауа райында жүрек-қантамырлар жүйесі зардап жегеді. Қапырық күн ауаның құрғауына, нәтижесінде оттегінің жетіспеушілігіне алып келеді. Жастар үшін мұндай өзгеріс аса қатты қиындық тудырмайды: олардың денесіндегі термореттегіш механизмзі тиімді жұмыс істейді. Ал, жас ұлғайған сайын ыстық ауа райы азапқа айналады.  Неге жүрек қан тамырлар жүйесінің жұмысы күн ысыған сәтте қиындайды? Бұл жүйе термореттеу механизмі кезінде белсенді қызмет атқарады. Ауа райы құрғақ әрі ыстық болған кезінде қан ұйып, тромбтардың түзілуіне алып келеді. Ал, қанның ұйюы — инсульттің басты себебі.  Одан бөлек, аптап ыстық кезінде атмосфералық қысым әлсірейді. Бұл жағдайда гипертониктер де, қан қысымы төмен адамдар да жапа шегеді. Сау адамдардың өздері де күн температурасы артуымен бірге, жүрек соғысы артып, тамырлары кеңейе бастайтындықтан жүрек айну, көздің қарауытуы, әлсіздікті сезінуі әбден мүмкін.  Сұйықтықтың жетіспеушілігі: Күн ысыған сәттен бастап, тершеңдік өрши түседі. Қанша жерден адамға жағымсыз әсер етсе де, бұл үрдіс адамның ағзасы үшін қажет. Ол ағза жұмысын бір қалыпқа келтіріп, денені салқындатуға әсер етеді.  Дегенмен, тершеңдік қаншалықты пайдалы болса, оның зияны да соншалықты. Термен бірге денеден тек сұйықтық қана емес, пайдалы тұз бен минерал да шығады. Соның ішінде, зат алмасу үрдісіне пайдалы калий мен магнийдің шайылуы байқалады. Адам күн ыстықта белсенді қимылдаған сайын 5-6 литр сұйықтықтан айырылады. Минералдардың азаюы бас ауруы мен әлсіздікке алып келеді.  Мазасыздық пен ашушаңдық: Күннің ыстығы тек адамның физикалық жағдайына ғана емес, психикалық денсаулығына да әсер етеді. Ғалымдар ауа температурасы көтерілген кезде адамның ашушаңдық деңгейі де артады дегенді дәлелдеген.  Одан бөлек, жоғары температура әр адамға әртүрлі әсер етеді. Бірінің бойында адреналин гормоны көбірек бөлінеді, сәйкесінше белсенді бола түседі. Ал, кейбіреуінде керісінше ноадреналин гормоны артады. Ол баяу қимылдап, асықпай ойланады әрі ұйқы маза бермейді. Қалай күресуге болады? Мамандар күн ыстықта денсаулықты қалай сақтауға болатындығын былайша түсіндіреді: • Жүрек ауруы, қан қысымы мен қантамырларының дерті бар адамдарға далаға шықпаған дұрыс. Олар арнайы салқындатылған бөлмеде жұмыс жасағаны не демалғаны жөн. Одан бөлек, калий мен магнийге бай жеміс-жейдектерді күнделікті рационға қосқан артық етпейді. Ал, көшеге шыққан жағдайда арнайы қолшатыр ұстап, бас киім киюді, қосымша арнайы дәрі дәрмек алып жүруді ұсынады. • Сұйықтықты көбірек тұтыну: тек қана су емес, аздаған қантты шырын, шай, компот. Одан бөлек, газдалған минералды сусындар жоғалған электролиттерді қалпына келтіреді. Ал, алкогольді өнімдерден аулақ болған жөн. • Мамандар жеңіл әрі кең киім киген дұрыс дейді. Синтетика материалынан мүлдем бас тартқан жөн. • Күн ыстықта есінен танған жағдайда лимфоуз аймағына, қол мен құлақтың артқы жағына мұз тақаған жөн.  Өз денсаулығыңызды күтіп жүріңіз.
https://massaget.kz
22 шілде 2019 ж. 1 226 0