Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 43°С ыстық: 4 облыста дабылды ескерту жасалды

43°С ыстық: 4 облыста дабылды ескерту жасалды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері күннің қатты ысуына байланысты еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жасады. 

«15 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 43°С қатты ыстық күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында. 
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%. 
Сонымен қатар, күндіз 15-16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде қатты ыстық 37 градус күтіледі. 
Күндіз 15, 16 шілдеде Ақмола облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады.
Синоптиктердің болжамынша, Нұр-Сұлтан қаласында да күндіз 16 шілдеде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 
Күндіз 15 шілдеде Қостанай облысында 36 градус қатты ыстық, кей жерінде 39 градус күтіледі.
Қостанай қаласында күндіз 15 шілдеде 36 градус қатты ыстық күтіледі. 
Дабылды ескертудің ықтималдылығы ­– 90-95%.
14 шілде 2019 ж. 882 0