Қазақстанның 7 облысында аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды

9 шілдеде Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с соғатын жел сақталады. Күндіз 41°С-қа дейін күн ысиды.
10-11 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында, 11 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-41°С-ға дейін қатты ыстық болады. 9 шілде түнде және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайы. Солтүстік-батыстан, батыстан 18 м/с жел күтіледі.
9 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман тұтып, найзағай ойнап, күндіз дауыл болып, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.
10 шілдеде күндіз кей жерлерде, 11 шілдеде Ақмола облысының басым бөлігінде 35-38°С-қа дейін қатты ыстық болады деп күтіледі.
9 шілдеде күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде 39°С-қа дейін, 10-11 шілдеде 41°С-қа дейін аптап ыстық болады.