Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында, жаңбыр жауып, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады.Оралда 3 маусымда күндіз найзағай, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің күші 18 м/с күтіледі.

3 маусымда түнде, 4, 5 маусымда күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Таразда 3-5 маусымда кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %. Қостанай облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерінде найзағай күтіледі. Қостанайда 3 маусымда жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, түнде найзағай күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

https://baq.kz

 

03 маусым 2019 ж. 1 042 0