Қызылордада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге қаламыздағы 10-нан аса кәсіпорын қатысып, 30-дан аса келушіге 50-ге тарта бос жұмыс орындарын ұсынылды. Сонымен қоса, орталықтың анти-кафе бөлмесінде келушілерге кофе-брейк ұйымдастырылды.
Бүгінгі шараның бастамашысы болған болған «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, журналист Сәкен Мінәліұлы Алдашбаев ағамызға алғысымызды білдіреміз.