Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада есеп комитетінің республикалық бірінші көшпелі семинары өтті (ФОТО)

Қызылордада есеп комитетінің республикалық бірінші көшпелі семинары өтті (ФОТО)

   Республикалық есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Есеп комитеті мен өңірлердің тексеру комиссиялары қызметкерлерінің қатысуымен "Тексеру комиссияларының қызметін жетілдірудің негізгі мәселелері" атты бірінші көшпелі семинар өтті.Семинарды ашқан облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысында өткізілген іс-шара үшін Наталья Годуноваға алғыс білдірді.
"Өздеріңізге белгілі, Қызылорда облысы аграрлық аймақ болып табылады. Бүгінгі таңда біз өңірді аграрлық аймақтан индустриялық-аграрлық аймаққа айналдыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Ағымдағы жылдың мамыр айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген "2019-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары" қабылданды. Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде жалпы өңірлік өнім көлемі 2 трлн 62 млрд теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. Сонымен бірге, алдымызда Мемлекет басшысының айқындап берген ел қажетіне бағытталған, ел мүддесіне қызмет ететін 10 тармақтан тұратын межелі міндет бар", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы, облыс әкімдігі бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды жүргізетінін айтып, семинар ұйымдастырушылары мен қатысушыларының жұмысына сәттілік тіледі.
Республикалық Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова комитет пен тексеру комиссияларының жұмысындағы заңды күшіне енген және алдағы өзгерістер туралы айтып берді.
"Егер бұрын біз тек бюджет игерілуін тексеретін болсақ, қазір Есеп комитетінің қарауына мемлекеттік бағдарламалардың аудиті, жекелеген салалар аудиті, мемлекеттік мүлік пен активтерді пайдалану аудиті сияқты өкілеттіктер берілді.  Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдаланушыларды жауапкершілікке тартуды күшейтуді тапсырды", - деді Наталья Годунова.

Сондай-ақ, Республикалық есеп комитетінің төрайымы Қызылорда облысының тексеру комиссиясы еліміздегі ең мықтылардың бірі екенін айтып, өткен 2 жыл ішіндегі өңірдің даму нәтижелерін таңқаларлық деп бағалады.
Семинар барысында есеп комитетінің қызметкерлері стратегиялық мақсаттар мен негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу құралы ретіндегі тиімділік аудиті, мемлекеттік аудитті құқықтық сүйемелдеу, сапаны бақылауды жүргізу тәртібін жетілдіру туралы айтып берд. Сонымен қатар іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәжірибесімен және тиімділік аудитінің әдіснамалық құжаттарын қолданумен таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, 14-15 тамызда республикалық Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова бастаған делегация Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болып, аймақтың тексеру комиссиясының ұжымымен кездесті. Тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кіші комитеттің отырысын және республикалық көшпелі семинар өткізді. Сондай-ақ Шиелі кентіндегі орталық аудандық аурухананың жұмысымен және Сырдарияның сол жақ жағалауындағы құрылыс барысымен танысты.
https://kyzylorda-news.kz/news/kogam/29855-yzylordada-esep-komitetn-respublikaly-brnsh-kshpel-seminary-tt-foto.html​​​
15 тамыз 2019 ж. 1 055 0