Емханаларға тіркелу жүйесі автоматтандырылды

Осы орайда маңызды бір мәселені ескерген жөн. Емхана немесе дәрігерлік амбулаторияны еркін таңдау принципі тек тұрғылықты жердің әкімшілік-аумақтық бірлігімен ғана шектеледі. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда ол – пациеттің тұратын ауданы.
«Бұрын ондай шектеу болған жоқ. Алайда іс жүзінде ондай еркіндік бірқатар қиындықтар туғызды. Мәселен, тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген адамдарға, оның ішінде жүкті және жаңа туған нәрестелерге қызмет көрсету жағынан қиын болды», - дейді Р.Бектібаев. – Осыған байланысты нормативтік базаға өзгерістер енгізілді.
Енді БМСК-ны қаладағы бір ауданның аясында ғана таңдауға болады.
Тіркеу кезінде ата-анасы да, балалары да бір емханаға баратындай отбасылық қызмет көрсету принципіне басымдық беріледі. 18 жасқа толмаған балаларды олардың заңды өкілдері тіркеуге құқылы.
БМСК ұйымында тіркелген адамдар шамадан тыс көп болса, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен басқа емханаға тіркемей қоюы да мүмкін. Қолданыстағы нормативтер бойынша жалпы практик дәрігердің учаскесінде 1700 пациенттен артық болмауы тиіс.
«Учаскелерді ірілендіру дәрігердің жүктемесін төмендетіп, пациенттер үшін қызмет көрсету сапасын жақсартады. Дәрігер қабылдауға келген адамға жеткілікті көңіл бөлуі керек. Осыған орай, Қор медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында жүйелі жұмыс істеп келеді.Әсіресе, медициналық сақтандыруды енгізу қарсаңында осы шаралардың маңызы артып отыр», - деп атап өтті Р.Бектібаев.
Емханаға тіркелу науқаны нәтижесіне қарай Қордың өңірлік комиссиялары алдағы жылға БСАК көлемін орналастыру рәсімдерін жүргізеді. Жаңадан таңдалған емханаға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап баруға болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін сізге бұрынғы БМСК қызмет көрсете береді.
Науқан кезінде тіркелу – бұл өз таңдау құқығын іске асырудың жалғыз жолы емес. Жылдың аяғына дейін емхананы бірнеше жағдайда ауыстыруға болады. Біріншіден, адамның тұрғылықты жері бір айдан астам уақытқа өзгерсе, екіншіден, емханада қайта ұйымдастыру болса және ол Қордың қызмет жеткізушілері қатарынан шығып кетсе, тіркеуді ауыстыруға мүмкіндік бар. Тіпті, ешбір себепсіз жылына бір рет тұрғылықты жері аймағында емхананы ауыстыруға болады.
Тіркелу науқаны ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында тіркелген Денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана жүргізіледі.
Деректер базасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының интернет-ресурсында орналасқан.