Мектеп бағдарламасына «Экология сағаты» пәні енгізіледі - Сапарбаев
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев педагогтармен жүздесу барысында айтты.
Өскемендегі алдыңғы қатарлы мектептердің бірі саналатын №46 білім мекемесіне тоқтаған Үкімет басшысының орынбасары, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу керектігін айтты.
«Оқушылардың терең білім ғана емес, эстетикалық тәрбие алуы да өте маңызды. Саналы ұрпақ табиғатты аялай білуі тиіс. Осы мақсатта келесі жылдан бастап мектептерге «Экология сағаты» пәні енгізіледі», – деді Бердібек Сапарбаев.