Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы қол қойған заңның бірі – "2006 жылдың 3 қазандағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы Қазақстан - Ресей шекара маңындағы аумақ тұрғындарының шекараны кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң.
Енді Қазақстан-Ресей шекара маңында орналасқан қалалар мен ауылдардың тұрғындары мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде бұрынғыдай тіркеу кітабын емес, мекенжай анықтамасын көрсетеді.
Қазақстанның ішкі заңнамасында азаматтарды тіркеу кітабының күшін жоюына және мекенжай анықтамасын енгізуіне орай, аталған келісімге тиісті өзгерістер енгізілген болатын.
Екіншісі – «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы.
Бұл құжатты Энергетика министрі Қанат Бозымбаев парламентте таныстырған болатын.
https://kyzylorda-news.kz/news/kogam/31066-asym-zhomart-toaev-ek-zaa-ol-oydy.htmlЕнді Қазақстан-Ресей шекара маңында орналасқан қалалар мен ауылдардың тұрғындары мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде бұрынғыдай тіркеу кітабын емес, мекенжай анықтамасын көрсетеді.