Мекен-жай бойынша тіркелу үшін енді ХҚКО-ға барудың керегі жоқ

Өтініш беру үшін пәтер иесі «электронды үкімет» порталындағы жеке кабинетіне кіріп, тіркеуден шығару бойынша қызметті және тіркеуден шығатын мекенжайды (елді-мекен, көше, үйдің және пәтердің нөмірі) таңдауы қажет. Осыдан кейін жеке кабинетке мемлекеттік қызметтің аяқталғаны жөнінде хабарлама келіп түседі.
Айта кетелік, бұған дейін тіркеуден шығару үй иесі Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жеке өзі жүгінген жағдайда ғана жүзеге асырылатын.
Айта кетелік, бұған дейін тіркеуден шығару үй иесі Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жеке өзі жүгінген жағдайда ғана жүзеге асырылатын.