Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 20 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

Қазақстанда 20 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

 Sputnik Қазақстан агенттігі 20 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 21-25 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

20 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН
12.00 – "Дружная семейка струнных инструментов" концерті өтеді. Оған "Астана Опера" оркестрінің әртістері қатысады ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).
АЛМАТЫ
09.30 – Скайраннингтен "Sunday Race" жарысы ұйымдастырылады ("Медеу" спорт кешені, Байланыс телефоны: +7 707 782 77 02).
10.30 – Қазақстанның шай шеберлерінің чемпионаты. Жарыс жеңімпаздары әлемдік сайысқа барады. Осы жолы қатысушылар шай миксологиясы – Tea Mixology бойынша өзара жарысқа түседі. ("Алматы" қонақ үйі, Қабанбай батыр көшесі, 85. Байланыс телефондары: +7 701 452 4118; +7 708 299 3039).
19.00 - "Әндер" шоуы финалистерінің концерті. Сахнада Say Mo, Slame, S, AMCHI, Боронина, Анет Сай, ARS-N, TRITIA өнер көрсетеді. (Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы, Абай даңғылы, 44).
19.00 - "Кербез Жетісудың кермарал әуендері" концерті. Сахнаға Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Нұркен Әшіров, Жастар одағы сыйлығының лауреаты, мәдениет қайраткері Ержан Әлімбетов, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Мақпал Тоқтағанова мен Біржан Бәзілжанов. (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 701 751 89 85).

21 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН
10.00 – Парламент мәжілісіндегі үкімет сағаты. Тақырыбы: "Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының алдын ала қорындысы". Баяндаушы – білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (Мәжіліс үйі, Мәңгілік ел, 2. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 63 03).
15.00 – Парламент сенатындағы үкімет сағаты. Тақырыбы: "Қазақстан президентінің халыққа арнаған жолдауы аясында денсаулық сақтау саласындағы мақсат-міндеттер". Сондай-ақ, парламенттік тыңдаулардың қорытындысы қаралады. (Сенаттың мәжілісі залы, Мәнгілік ел, 2. Байланыс телефондары: +7 (7172) 74 72 39, +7 (7172) 74 70 27).
20 қазан 2019 ж. 596 0