Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 11 қаңтарға арналған ауа райы

11 қаңтарға арналған ауа райы

 baq.kz Синоптиктер 11 қаңтар күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атмосфералық фронттардың республиканың басым бөлігіне әсері әлі де бар. Оның ықпалымен кей жерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Республиканың кей жерінде тұман сақталады, оңтүстік және оңтүстік-батыста – көктайғақ. 

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады. 

Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
11 қаңтар 2020 ж. 529 0