Елімізде ауа температурасы 18 градусқа дейін көтеріледі

Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік-батыстан жылжып келген тропосфералық ауа ағыны Қазақстанда Қара теңіз циклонымен араласуына байланысты күн күрт жылынып, жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан қатты жел соғуы мүмкін.
Түнде ғана емес, күндіз де ауа температурасы минус 6... плюс 5 градус аралағында болады деп күтіледі. Осындай жоғары температура мен жауын-шашынның салдарынан төтенше жағдай қаупі туындап, жолдарда көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста оңтүстік циклонмен бірге жауын-шашын, жаңбыр, жаңбыр аралас қар жауады, ауа температурасы күндіз + 5... 10°С, ал оңтүстікте + 12... 18°С дейін көтеріледі.
Алдағы үш күн ішінде ауа температурасы климаттық нормадан 8... 16°С жоғары болады.