Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан тұрғындары назарына !

Аудан тұрғындары назарына !

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығында төтенше жағдай кезінде жекелеген санаттарға жататын тұрғындар үшін коммуналдық қызметтерге арналған 15000 теңге сомасында мемлекеттік көмек төленетіндігі көрсетілген.Осыған орай, коммуналдық төлемге қатысты сауалдарыңызды арнайы ашылған «CALL- ОРТАЛЫҚҚА” хабарласып қоя аласыздар .
Байланыс номерлері: 8(72433) 2-10-48
8(72433) 2-22-24
Аталған әлеуметтік көмек төменде көрсетілген санатқа жататын адамдарға тиесілі:
1) 1,2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар ;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін және әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін орындау кезінде кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер;
27 сәуір 2020 ж. 769 0