Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тегін баспана алушылар тізімінен кімдер шығарылды

Қазақстанда тегін баспана алушылар тізімінен кімдер шығарылды

Елімізде мемлекет есебінен тегін баспана алушыла қатарынан зейнеткерлер мен оралмандарды алып тастамақ. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрлігі мәлім етті.Тұрғын үй қатынастары туралы заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес, пәтер алушылар тізіміндегі 19 санат қысқарады. Тізімнен зейнеткерлер мен оралмандары алып тастау көзделген, деп хабарлайды Sputnik.
1. Оралмандар
Отанға оралған қандастардың 10 жыл ішінде оралман мәртебесі жойылатындықтан олар тізімнен алынып отыр. Оларға “Атаулы әлеуметтік көмек туралы”, “Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы”, Қазақстан Республикасының заңдарына, Жер кодексіне сәйкес оралмандарға қосымша жеңілдіктер, көтерме төлемақы, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлу қарастырылған.
2. Әскер қызметшілер және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.
3. Экологиялық апат, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан баспанасынан айырылған адамдар, сондай-ақ жалғыз үйі авариялық деп танылған азаматтар. 
4. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын тұлғалар. Олар мақсатты бағдарламаға қатыса алады. Тұрақты жалақысы болғандықтан тізімнен алынды. 
5. Ғарышкерлерге кандидаттар, ғарышкерлер. Заң бойынша, “Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы” құрметті атағына ие болғандарға 138,63 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады.
6. Толық емес отбасылар
Толық емес отбасылар қатарында ажырасқандар мен жесір алғандар бар. Жастар арасында тұрғын үй алу үшін әдейілеп ажырасу фактілері кездеседі. Осы себепті тізімнен шығарылу көзделген.
7. Зейнетке шыққандар мемлекеттік бағдарламаларға, ипотекаларға, жинақтауларға қатысу арқылы ғана баспана ала алады.
Ал, мемлекет есебінен тегін баспана алушылар тізімінде ҰОС мүгедектері мен қатысушыларын; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер; 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; көпбалалы отбасыларды; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылар бар.
Stan.kz
16 қазан 2018 ж. 1 304 0