Алдағы үш тәулікте күн ыстық болады

Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батыс және шығыс өңірлерінің кей жерлерінде өткінші жаңбыр мен найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауылмен жел күшейеді. Сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде Ираннан келетін ыстық ауа массаларымен ыстық ауа райы сақталады.