"Жомарт жүрек" қайырымдылық сыйлығына құжат қабылдау жүргізілуде

Арал ауданы әкімдігі төмендегі номинациялар бойынша ұсынымдар қабылдайды.
"Жыл тұлғасы" - белсенді филантропиялық қызметі үшін. Лауреаттар тек жеке тұлғалар бола алады;
«Жыл меценаты» – белсенді меценаттық қызметі үшін. Сыйлық лауреаттары жеке тұлғалар ғана бола алады;
«Туған өлке» – кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін. Лауреаттар жеке және заңды тұлғалар бола алады;
«Жылдың үздік ұйымы» – қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асыру үшін.
Тек заңды тұлғалар лауреаттар бола алады;
«Ерен еріктілік» – кешенді қайырымдылық қызметі үшін, елеулі әлеуметтік маңызы бар өзгерістер мен қайта құруларға алып келген қайырымдылық көмек үшін.
Байқауға қатысушылар құжаттары 2021 жылдың 18 маусымына дейін Арал ауданы, Астана көшесі №33 мекен-жайда, аудандық ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Байланыс телефоны: 2-19-21.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі