Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алтын сапа» сыйлығына құжат қабылдау басталады

«Алтын сапа» сыйлығына құжат қабылдау басталады

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы 10 ақпаннан бастап «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға өтінімдерді қабылдау басталғандығын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы ұйымның өнім және/немесе қызметтер сапасы саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудағы тиімділігі, жоғары әдістерін енгізгені үшін конкурстық негізде ұсынылады.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Байқауға мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар қатыса алмайды.

Сыйлық үш санатта (шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі) және келесі номинациялар бойынша беріледі:

1) «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын»;

2) «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын»;

3) «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын»;

4) «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».

Конкурста «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары тағайындалады.

Байқауға қатысушылар алдыңғы 3 жыл ішінде шығарылған өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын көрсетуі тиіс.

Байқау 4 кезеңде өткізіледі және келесі маңызы санаттардан тұрады.

Өтінімдерді 2020 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде электронды түрде www.altynsapa.kz сайтында немесе Өңірлік кәсіпкерлер палатасына тапсыру қажет. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап өтінімдерді қабылдау жабылады!

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер материалдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне» сәйкес орналасқан жері бойынша ӨКП-ге 1 шілдеге дейінгі мерзімде ресімдеп, тапсыруы тиіс.

2. ҰКП сараптамалық тобының алдын ала бағалау жүргізуі және 40 финалисті анықтауы (тамыз-қыркүйек).

3. Сараптамалық топ кәсіпорындарға барып, байқаудың финалистерін бағалайды.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссияның отырысы (қараша).

Сыйлық лауреаттарына тиісті диплом, конкурс эмблемасы және 450 айлық есептік көрсеткіш ақшалай сыйақы беріледі. Лауреаттар төрт жыл бойы «Алтын сапа» конкурсының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

kyzylorda-news.kz
09 ақпан 2021 ж. 577 0