Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Арал ауданы тұрғындарының назарына!

Арал ауданы тұрғындарының назарына!

Өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2021-2022 оқу жылына бөлінген облыс әкімінің оқу грантының Арал ауданы бойынша бөлінісі.
Өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан білім алушы студенттерді іріктеу жұмыстары жылда ұйымдастырылып келеді.
Биылғы жылға ауылдық елді-мекенде орналасқан агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп мекемелерін, білім, денсаулық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын білікті мамандармен қамтамсыз ету мақсатында өңірге қажет мамандықтар бойынша Арал ауданы бойынша оның ішінде математика пәні мүғалімі-1, мал шаруашылығы -1, азық-түлік өнімдерінің өндірісі-1, инженерлік желілер мен жүйелер-1, дәстүрлі музыка өнері-1, дінтанушы-2 және денсаулық сақтау саласы –3, барлығы 10 орынға білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау белгіленген.
Әлеуметтік көмек өңірге қажетті мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында және медициналық резидентурада күндізгі оқу нысанында оқитын халықтын әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан:
1. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің түлектеріне;
2. Мүгедек балаларға, ата-анасының біреуі немесе екеуі де зейнеткер болып табылатын балаларға, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын балаларға, асыраушысынан айырылған балаларға, көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, егер отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменге күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспаған жайдайда;
3. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазакстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменге күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда.
Сондықтан да биылғы жылғы мектеп немесе колледж бітіруші түлектердің арасынан мемлекеттік білім грантына қатысып, ие бола алмаған, жоғарыда көрсетілген топтарға жататын мұқтаж азаматардың жекелеген санаттарына жатқызылатын түлектер арасында конкурс өткізіледі. Конкурска құжаттар дайындау үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің № 7 бөлмесіне (8-724-33 - 2-41-39) жолығуларыңызға болады.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі.
19 тамыз 2021 ж. 2 248 0