Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДА 322 ТҮЛЕК МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

АУДАНДА 322 ТҮЛЕК МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Республика бойынша мемлекеттік білім беру гранттарының қорытындысы бойынша Арал ауданында 322 мектеп түлегі грант иегері атанды.
Бітіруші түлектердің 119-ы - педагогикалық, 34 талапкер - медициналық бағытты таңдаса, 92-і техникалық, 28-і ауыл шаруашылық, 49 бітіруші басқа мамандықтар бойынша таңдаған.
Биыл аудан бойынша 784 түлек мектеп бітірген болса, 63 оқушы «Алтын белгі», 11 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Ал, 573 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысса, Мемлекеттік білім гранты конкурсына 411 бала құжат тапсырған.
Бұдан бөлек, 2020-2021 оқу жылына Арал ауданы бойынша облыс әкімінің 15 арнайы гранты бөлінген.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
19 тамыз 2020 ж. 1 212 0