АРАЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ҰБТ ТАПСЫРУДА
Бүгін Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен, бекітілген тәртіпте мектеп бітіруші түлектердің алғашқы легі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуде.
Әлемдік пандемияға байланысты аудандағы ҰБТ тапсыратын 570 түлек 23,24,25 маусым күндері он бір жыл бойы алған білімдерін таразыға салатын болады.
Ұлттық біріңғай тестілеу өтіп жатқан мектеп ғимаратында 10 аудитория жабдықталған. Қатысушылар арасында әлеуметтік ара-қашықтық, алдын ала орындарының белгіленуі, маскалық режим талапқа сәйкес сақталған.
Тестілеудің өту барысын бақылау мақсатында барлық аудиторияларға және залға арнайы бейнебақылау камералары орнатылып, ата-аналар үшін онлайн трансляция жүргізілуде.
Айта кетейік, биылғы оқу жылында жалпы ауданымыз бойынша 784 түлек мектеп бітірді. Олардың қатарында 63 түлек "Алтын белгі" иегері, 11 түлек "Үздік аттестат" иегері атанды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.