Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

АУДАН ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

Бүгін аудан көлеміндегі барлық білім ошақтарында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен, бекітілген тәртіпте мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті.
Көпшіліккен мәлім, әлемдік пандемияға байланысты биылғы оқу жылының соңғы тоқсаны қашықтан оқыту режиміне көшірілген болатын. Осыған сәйкес, мектеп бітіруші оқушылардың соңғы қоңырау шарасы мен аттестат алу рәсімі біріктіріліп өткізілді.
Атап өткен жөн, биылғы оқу жылында жалпы ауданымыз бойынша 784 түлек мектеп бітірді. Олардың қатарында 63 түлек "Алтын белгі" иегері, 11 түлек "Үздік аттестат" иегері атанды.
«Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» ұранымен ұйымдастырылған шараға түлектердің тек ата-анасы мен заңды өкілдері қатыстырылды. Аттестат тапсыру барысында санитарлық сақтық шаралары қатаң сақталды. Шараға қатысушылар арасында әлеуметтік ара-қашықтық, оның алдын ала орындарының белгіленуі, маскалық режим және барынша қатысушылар санын шектеу талапқа сәйкес сақталды.
Айдынды Аралдың білімді, дарынды, жалынды жас түлектеріне ақ жол, сәт сапар тілейміз!
03 маусым 2020 ж. 1 363 0