Алтай Көлгінов «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 6274 оқушы мектеп бітірген.
Оның ішінде 294 түлек қала әкімі Көлгіновтің қолынан «Алтын белгі» төсбелгісін алды. Жалпы, биылғы оқу жылында ел астанасында 324 «Алтын белгі» иегері мен 352 оқу озаттары алтын ұя мектептерімен қоштасып отыр.
Ең көп түлек №54 мектепте тiркеліп отыр – 151 түлек.
Енді түлектер 20-27 маусым аралығында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Нұр-Сұлтан қаласының түлектері үш университетте тапсырады. Жалпы, қала бойынша 5856 түлек тестілеуден өтеді.