Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда 11 түлек "Үздік аттестат" иеленді

Ауданда 11 түлек "Үздік аттестат" иеленді

         Бүгін аудандағы барлық мектепте түлектерге аттестат тапсыру кеші өткізілді. «Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» ұранымен өткізілген салтанатты жиын карантин тәртібіне сәйкес барлық талап сақтала отырып жүргізілді.
         Оқушы өміріндегі ең маңызды кезең мектеппен қоштасу десек, соның ішінде аттестат тапсыру шарасы өлкен өмірге жол ашатын түлектердің салтанатты сәті десек болады. Міне осы қуанышты күн аудандағы білім ұяларында өз деңгейінде өткізілді. Ауданымызда 2019-2020 оқу жылында 784 түлек мектеп бітіріп отыр.
         Білім ұясын тәмамдаған түлектер ішінде 63-і "Алтын белгі" иегері атанып отыр. Одан бөлек 11-і "Үздік аттестат" иегері.
         Ал 9-сыныптар бойынша 106 оқушы "Үздік аттестат" иегері атанды.
"Толқын" ақпарат
03 маусым 2020 ж. 2 866 0