Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының аудандық кезеңі басталды

"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының аудандық кезеңі басталды

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ! 2023 жылғы 15 мамыр-15 маусым аралығында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының І кезеңі өткізілетінін хабарлаймыз.
Байқаудың мақсаты - отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады. Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі. Байқау үш кезеңде: бірінші – аудандық, екінші – өңірлік (облыстық), үшінші – ұлттық кезеңдерде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім келесі құжаттармен бірге аудандық комиссияға беріледі:
1. ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2. асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін-жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3. неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4. ата–анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі-бар болса;
5. балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6. балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7. ұсыныстар (әріптестер, көршілер, достар);
8. отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық комиссияның төрағасы куәландырады.
Ұлттық конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2023 жылғы 15 мамырдан - 15 маусымға дейін Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Астана көшесі, № 33 мекен-жайы бойынша Арал ауданының қоғамдық даму бөліміне өтінім береді. Бөлімнің әдіскері Ізмахан Арайлым Бақытбекқызы (тел: 87243321921)
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының ережесімен төмендегі сілтемеге өтіп танысуға болады.


#Otbasym2023

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
07 маусым 2023 ж. 1 376 0