Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Салық төлеушілер назарына!

Салық төлеушілер назарына!

Құрметті салық төлеушілір!
Үстіміздегі жылдың 21 тамызы күні сағат 11:00-де Салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жүргізу мақсатында «Ашық есік күні» өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Іс-шара барысында кәсібін жаңа бастаған дара кәсіпкерлерге салықтық заңдылықтарын түсіндіру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолданыстағы тәртібі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері, олардың электронды түрде алу артықшылықтары, онлайн бақылау кассалық машинаның тіркелуі сонымен қатар, «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business», «SalyqBot» мобильді қосымшаларының қызметі жайлы толық ақпараттар алу үшін іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Өткізілетін орны: «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы (Мекен-жайы: Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі №46)

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
20 тамыз 2023 ж. 5 391 0