Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жол картасы" аясында кездесу ұйымдастырылды

"Жол картасы" аясында кездесу ұйымдастырылды

Кеше  "Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің "Балдырған" және "Толқын" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" - жол картасы негізінде балабақша ұжымына - Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру мерзімі, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру мерзімі , "E salyq Azamat", "E salyq Business" мобильды қосымшасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын.Атаулы шараға  «Салық төлеушілерді мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы уақтылы және сапалы хабардар ету туралы» облыстық жол картасының аясында ұйымдастырылды.
Басқарма басшысының орынбасары А. Ағыбаев және бас маманы А. Каюпова атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтіп, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібімен және атқарылған жұмыстармен таныстырып, жиналған көпшіліктің сұрақтарына жауаптар берді.
Шара барысында балабақша ұжымына меншігінде қандай салық салу объектілері тіркелгендігі анықталып, банк бөлімшесіне бармай-ақ, комиссиясыз мерзімінде салығын төлей алу мүмкіндігі бар «Е-Salyq Azamat» мобилдік қосымшасы жүктеліп, оның тиімділігі түсіндірді.

«Толқын» ақпарат
29 қараша 2022 ж. 718 0