МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ АУДАНДА БОЛДЫ

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен басқосуда аудан басшысы жиынға қатысушыларға Мемлекеттік кірістер департаментіне тағайындалған жаңа басшысын таныстырып, іс-сапар мақсатын түсіндіріп өтті.
Жиын барысында сөз алған Ғалымжан Орынов ең алдымен мемлекеттегі салық жүйесінің маңыздылығына тоқталып, салық базасын ұлғайту тетіктері мен салық рақымшылығы туралы егжей-тегжей баяндап берді. Сондай-ақ, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайын кеңінен түсіндіріп өтті.
Расында, салық - бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Себебі, елiмiздiң экономикасын дамытудың басты тетiктерiнiң бiрi – салық саясаты. Содан болса керек, егемендiк қолға тиген алғашқы күндерден-ақ салық қызметiне басты назар аударылып, салық мәселесiне үлкен маңыз берілген болатын. Бүгінде салық жүйісі уақыт өте келе әлемдiк тәжiрибелерге сүйене отырып жаңарып, салық салу тетіктері жетілдіріліп келеді.
Осы ретте, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғ.Орынов Салық кодексi мүмкiндiгiнше оңай және өмiрдiң барлық жағдайлары үшiн тиімді салық нормаларын ұстануы қажет екендігін айта келе, бұл бағытта әлде де өзгерістерді қажет ететін тұстарды атап өтті.
Сонымен қатар, облыс бойынша салық жүйесінің жағдайын талдап, осы орайда ауданда орын алып жатқан кедергілер мен проблемалық мәселелер бойынша жолданған сауалдарға тұшымды жауап берді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметіРасында, салық - бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Себебі, елiмiздiң экономикасын дамытудың басты тетiктерiнiң бiрi – салық саясаты. Содан болса керек, егемендiк қолға тиген алғашқы күндерден-ақ салық қызметiне басты назар аударылып, салық мәселесiне үлкен маңыз берілген болатын. Бүгінде салық жүйісі уақыт өте келе әлемдiк тәжiрибелерге сүйене отырып жаңарып, салық салу тетіктері жетілдіріліп келеді.