"ЖОЛ КАРТАСЫ" АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

Басқарма басшысының орынбасары А. Ағыбаев және бас маманы А. Каюпова атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасап, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібімен және атқарылған жұмыстармен таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріп өтті.
Сонымен бірге аталмыш шара барысында мектеп ұжымына меншігінде қандай салық салу объектілері тіркелгендігін анықтап, банк бөлімшесіне бармай-ақ, комиссиясыз мерзімінде салығын төлей алу мүмкіндігі бар «Е-Salyq Azamat» мобилдік қосымшасы жүктеліп, оның тиімділігі түсіндірілді.