Арал ауданының тұрғындарының назарына!
2025 жылғы 21 қараша күні сағат 10:00-де «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде Арал ауданы аумағында «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аудандық азаматтық қорғаныс құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Сонымен қатар оқу-жаттығудың практикалық кезеңі жүргізіледі.Іс-шараның мақсаты — қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру.Оқу-жаттығу барысында шартты дабылдар беріліп, арнайы техникалар мен мамандар қатысатын жаттығулар жүзеге асырылады.
Тұрғындардан сабырлық сақтауды және үрейге бой алдырмауды сұраймыз.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті










