Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жолдарға уақытша шектеулер қойылды

Жолдарға уақытша шектеулер қойылды

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №492 бұйрығына сәйкес, жол төсемі бөлігінің бұзылуын болдырмау мақсатында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар KAZ-06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолының 1240-2055,5 шақырым, KAZ-14 «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 127-216 шақырымдар аралықтарына әрбір оське түсетін жүктемесі 9 тоннадан артық, KAZ-14 «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 1-24 шақырымы аралығына әрбір оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына 2026 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында ауа температурасы +25° С градустан асқан жағдайда сағат 10.00-ден сағат 22.00-ге дейін уақытша шектеу еңгізіледі.

Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын, тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын, өте қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын, мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын, қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын авто көлік құралдарына шектеулер қолданылмайды.

«КАЖсервис» ЖШС,
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ
Қызылорда облыстық филиалдары
Фото: ашық дереккөзден
28 мамыр 2026 ж. 22 0