Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Еңбек жолы» конкурсына қатысыңыз!

«Еңбек жолы» конкурсына қатысыңыз!

«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еңбек жолы» конкурсын 2026 жылы өткізу туралы хабарлайды.
«Еңбек жолы» конкурсы жастар­ды еңбекті құрметтеу рухында тәр­бие­леу, еңбек дәстүрлерін сақтау, кө­бейту мақ­­сатында және үздік еңбек әулет­тері мен өндірістің қарапайым жұмысшы­ла­рын айқындауға мүмкіндік береді.
Конкурс «Жалпыға ортақ еңбек қо­ғамы» ұранымен еңбек адамының қо­ғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.
Конкурсқа құжаттар 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.
Конкурсты өткізу мақсаттары:
1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалып­тастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
3) қазақстандықтарда Қазақстан Рес­публикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының же­тістіктері үшін мақтаныш сезімін тәр­биелеу;
4) жастарды еңбекке құрметпен қа­рау, еңбек дәстүрлерін сақтау және кө­бейту рухында тәрбиелеу;
5) еңбек адамының қоғамдағы мәрте­бесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.
Конкурс 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.
Конкурсқа мемлекеттік қызметші­лерді қоспағанда, салаға қарамастан кә­сіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар ұсынған ма­териалдар негізінде конкурс жеңімпаз­дарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар келесі номи­на­циялар бойынша жеңімпаздарды анық­тайды:
1) «Үздік еңбек әулеті»:
Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.
Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кә­сіпорында жиынтық жұмыс өтілі ке­мінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұ­мыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қа­ланың, облыстың) қоғамдық өміріне бел­сенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағ­дарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін на­сихаттауға тиіс;
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»:
Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тә­лімгер таңдалады.
3) «Өндірістің үздік жас маманы»:
Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жыл­дан аспайтын ең белсенді және ең­бекқор өндіріс қарапайым жұмыскері таң­далады;
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсы­нылады:
Конкурсқа қатысушылар екі данада қағаз және элек­трондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:
1) номинация көрсетілген, еркін ны­сандағы конкурсқа қатысу туралы өті­нішті;
2) жеке куәліктің көшірмесін;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнероликті  (жұ­мыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, от­басы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік пре­зентация (Microsoft Power Point фор­матында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кі­тапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);
6) жұмыс берушіден немесе кәсіп­одақтан ұсыным хат.
Бар болған жағдайда (келесі құжат­тардың көшірмелері): мемлекеттік неме­се ведомстволық наградалардың, грамо­та­лардың, алғыс хаттардың көшір­мелері біліктілікті арттыру туралы серти­фи­каттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Конкурсты өткізу мерзімдері: 1 шіл­деге дейінгі мерзімде өңірлік дең­гей­де үміткерлерден материалдар мен өтінім­дерді қабылдау;
1 тамызға дейінгі мерзімде «Еңбек жо­лы» республика­лық байқауының об­лыстық комиссиясымен өңірлік деңгей­дегі жеңімпаздарды анықтау;
қыркүйекте өңірлік еңбек форумында жеңімпаздарды марапаттау;
10 тамызға дейін «Еңбек жолы» бай­қауының өңірлік деңгейінен жеңімпаз­дардың материалдарын ҚР ЕХӘҚМ-не әрі қарай республикалық деңгейде қа­тысу үшін ұсыну;
1-15 қыркүйек аралығында республи­калық комиссиямен «Еңбек Жолы» рес­публикалық байқау деңгейінің жеңім­паз­дарын анықтау;
қазан айында «Еңбек жолы» конкур­сының жеңімпаз­дарын республикалық форумында марапаттау.
Нақты   ақпарат   пен  кеңесті келесі мекен-жайлардан алуға болады:
Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар  көшесі, 47 мекен-жа­йында орналасқан Қы­­зылорда облысының жұмыс­пен  қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар бас­қар­масының 212 каб., тел.: 26-38-20 немесе тұрғы­лықты жеріңіз бо­йынша аудандық және Қызылорда қа­­лалық жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлім­дері.
Ескертпе: Конкурсқа өтінімдерді тұр­ғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен  қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар бөлімдеріне тапсыра аласыз.
18 маусым 2026 ж. 37 0