Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚАҚЫНЫ ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚАҚЫНЫ ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы Ережелер
1.1.Осы Ереже облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қорының арнайы құрылған комиссиясының отырысы мүшелерінің комиссиялық шешімі арқылы хаттамалық негізде үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы (бұдан әрі-Сыйлықақы) тағайындау тәртібін айқындайды.

1.2. Сыйлықақы азаматтық қоғам институттарын дамытуға, қоғамдық маңызы бар бастамаларды қолдауға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген және өздерінің бастамаларымен шаралар ұйымдастырып жүрген үкіметтік емес ұйымдарды ынталандыру мақсатында тағайындалады;

1.3. Сыйлықақыны берудің мақсаты - аймақта белсенді жұмыс жүргізіп отырған, қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыратын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылмайтын үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету.

2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
2.1. Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қызылорда облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

2.2. Конкурсқа қатысушы ұйымдар:
-ҮЕҰ дерекқорында болуы міндетті;
-салық және өзге де міндетті төлемдер бойынша берешегі болмауы;
-сот шешімімен қызметі тоқтатылмаған болуы;
-экстремистік немесе заңға қайшы қызметпен айналыспауы тиіс;
-қоғамдық негізде жергілікті атқарушы органдармен әріптестік байланысы болу керек;
-мақсатты (нысаналы) тобының қоғамдық-мәдени, патриоттық-рухани, саяси т.б. шараларда белсенділігі болуы керек.

2.3. Конкурсқа қатысушы қоғамдық ұйымдар төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар атқарған болуы керек:
-білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
-азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
-қоршаған ортаны қорғау;
- жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
- отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
- халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
- жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
- халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
- мәдениет пен өнерді дамыту;
- тарихи-мәдени мұраны қорғау;
- қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;
- өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, жәрдемдесу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
- азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
- волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау.


2.3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар немесе басқа да мемлекеттік қолдау құралдары арқылы қаржыландырылып жатқан жоба бойынша өтінім беруге жол берілмейді.

3. Конкурстың шаттары
3.1. Конкурс туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

3.2. Қатысушылар келесі құжаттарды ұсынады:
- белгіленген үлгідегі өтінім;
- ұйымның мемлекеттік тіркеу туралы құжатының көшірмесі;
- ұйым қызметі туралы ақпараттық анықтама;
- іске асырылған жобалар мен бастамаларды растайтын құжаттар (фото);
- ұсыным хаттар.
3.3. Құжаттар қағаз Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі 3Б, «Достық үйі» ғимараты, 2 қабат, «Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдарының альянсы ассоциациясы» ЗТБ кеңсесі және/немесе электронды форматта asylmuraorda@mail.ru 2026 жылдың 24-26 маусым аралығыныда жергілікті уақытпен 18:00-ге дейін қабылданады.

4. Конкурстық комиссия
4.1. Сыйлықақы иегерлерін анықтау үшін конкурстық комиссия құрылады.

4.2. Комиссия құрамына азаматтық қоғам институттарының және қоғамдық кеңестің өкілдері енгізіледі.

4.3. Комиссия мүшелері өтінімдерді ашықтық, әділдік және объективтілік қағидаттары негізінде қарайды.

5. Бағалау өлшемшарттары
Өтінімдер келесі өлшемшарттар бойынша бағаланады:
- ұйым қызметінің қоғамдық маңыздылығы;
- іске асырылған жобалардың нәтижелілігі;
- нысаналы тобының әлеуметтік мәселелерін шешуге қосқан үлесі;
- еріктілерді тарту және қоғаммен байланыс жұмыстары;
- ақпараттық ашықтығы мен жариялылығы;

6. Сыйлықақыны тағайындау
6.1. Сыйлықақы комиссия шешімі негізінде тағайындалады.
6.2. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.
6.3. Сыйлықақы жеңімпаздары арнайы марапаттау рәсімінде жарияланады.

7. Қорытынды Ережелер
7.1. Осы Ережеде қарастырылмаған мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
7.2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу бойынша жауапты «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қоры болып табылады.

ӨТІНІМ НЫСАНЫ

Қызылорда облысы әкімінің ҮЕҰ-ларға арналған сыйлықақысын беру конкурсына қатысуға өтінім

1. Ұйымның атауы: ___
2. БСН: ____
3. Заңды мекенжайы: ___
4. Басшының аты-жөні: ___
5. Байланыс телефоны: ___
6. Электрондық пошта: ___
7. Ұйым қызметінің қысқаша сипаттамасы:
__________
8. Қоса берілетін құжаттар тізімі:
* Ұйым жарғысының көшірмесі
* Тіркеу туралы анықтама
* Ұсыныс-пікір хаттар
* Фото/бейнематериалдар
* Алғыс хаттар, сертификаттар
* Өзге де құжаттар

Ұйым басшысы: ___

Қолы: ___

Мөрі: ___

Күні: «» __ 2026 жыл
25 маусым 2026 ж. 38 0