Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді дерекқорға тапсыруы туралы

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.gov.kz веб-порталы арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.
Мәліметтерді интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе DOC, DOCX форматында USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі бар.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол ілеспе хатпен мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.