МӘМС жүйесіндегі мәртебені қалай қалпына келтіруге болады?
МӘМС жүйесінде жаңа туған сәбидің сақтандырылу мәртебесі қалай беріледі және жүкті әйел неліктен бұл жүйеден тыс қалуы мүмкін? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыныңҚызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова халықтан түскен осы және басқа да сұрақтарға жауап берді.
Жаңа туған нәресте «сақтандырылған» мәртебеге қашан ие болады?
Бала дүниеге келгеннен кейін ол туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында беріледі. Осы деректер негізінде бала «балалар» жеңілдік санатына енгізіледі, ал Saqtandyrý жүйесіндегі МӘМС мәртебесі автоматты түрде жаңартылады.
Егер мәртебе көрсетілмесе, баланың мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректерінің өзектілігін тексеру қажет. Бұл үшін тиісті мемлекеттік органдарға, ең алдымен, ҚР Әділет министрлігіне жүгіну ұсынылады. Себебі бала туралы мәліметтер Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан беріледі.
«Балалар» санатын қалыптастыру Әлеуметтік медициналық сақтандыру корының құзыретіне кірмейді.
Мемлекеттік органдар деректерді өзектендіргеннен кейін МӘМС мәртебесі автоматты түрде жаңартылады.
Егер бала шетел азаматы болса, қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлікті алу оның Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік мәртебесін автоматты түрде алуын білдірмейді. Мұндай мәртебені рәсімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметінің бөлімшесіне жүгіну қажет.
Неліктен жеке кәсіпкерлік қызметі тоқтатылғаннан кейін «жұмыс істемейтін жүкті әйел» мәртебесі қайтарылмайды?
Мәртебе мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде автоматты түрде қалыптастырылады.
ЖК жабылғаннан кейін тиісті мәліметтер жүйеге түсуі қажет. Сол кезеңде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен әлеуметтік аударымдардың бар-жоғы тексеріледі.
Тиісті төлемдер болмаған жағдайда «жұмыс істемейтін жүкті әйел» мәртебесі автоматты түрде беріледі.
МЗЖ, әлеуметтік аударымдар болған немесе қолданыстағы ЖК тіркелген жағдайда бұл жеңілдік санаты берілмейді.
Маңызды: Қор бұл мәртебені қолмен тағайындамайды және алып тастамайды.
Егер жеке кәсіпкерлігіңіз жабылған болса, бірақ мәртебе өзгермесе, деректерді тексеру және өзектендіру үшін жүктілік бойынша есепте тұрған медициналық ұйымға жүгіну қажет.
МӘМС жүйесінде төлемді уақытында жасамаған жағдайда не істеу керек?
Ең алдымен «сақтандырылған» мәртебеңізді eGov Mobile, Saqtandyry мобильді қосымшалары немесе Қордың ресми сайты арқылы тексеріп алу қажет.
Егер жарналарды өзіңіз төлейтін болсаңыз, өткізіп алған төлемді өтеңіз. Төлем түскеннен кейін ақпарат әдетте автоматты түрде жаңартылады.
Жалдамалы жұмыскерге жұмыс берушінің орнына жарнаны өз бетінше төлеудің қажеті жоқ. Төлемнің түспеу себебін анықтау үшін бухгалтерияға хабарласқан жөн.
Егер мәртебе өзгермесе, деректерді тексеру үшін 1414 нөміріне немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына хабарласыңыз.