Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 7 маусымға арналған ауа райы болжамы

7 маусымға арналған ауа райы болжамы

 "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық ауа фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, кей жерінде қатты жаңбыр жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз болады.

 Республиканың кей аймақтарында найзағай, желдің күшейеді, шаңды дауыл, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте кей жерлерде – тұман. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жауы мүмкін, желдің күшейуі түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жауы мүмкін, желдің күші түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, күндіз бұршақ болуы мүмкін, желдің күші кей жерлерінде 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, жел  - 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ақмола облысының кей жерлерінде – дауыл, күндіз желдің күшейуі 15-20 м/с, бұршақ болуы мүмкін. Жамбыл, Түркістан, Ақтобе, түнде Алматы, күндіз Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с, Қызылорда облысында екпіні 23 м/с күтіледі.    Маңғыстау, Атырау облыстарының күндіз кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде.    Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
https://baq.kz         
07 маусым 2019 ж. 823 0