Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2019 жылдың 18-20 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, "Республиканың батыс және оңтүстік облыстарына атмосфералық қысымның жоғарылауы күтіледі, осының салдарынан ауа райы бұлтсыз әрі ыстық болады", - делінген хабарламада. Өз кезегінде, Қазақстанның шығыс жартысына Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан суық атмосфералық фронттар ығысады. Сондықтан, синоптиктердің берген мәліметінше, алдағы үш күнде кей жерлерде найзағай ойнап, күшті екпінді жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін және ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады.
https://kaz.tengrinews.kz