Жеңімпазға 3 млн теңге беріледі: Әкімдік елорда Әнұранын жазуға байқау жариялады

Әнұран кез келген жанрда және әртүрлі орындаушылармен жазыла береді.
Конкурсқа қатысқысы келетіндер "Нұр-Сұлтан" қоғамдық даму істері жөніндегі басқармаға 2019 жылдың 10 тамызынан кешіктірмей мынадай материалдарды тапсырады: алдын-ала іріктеу үшін жұмыстың CD-форматындағы дыбыстық жазбасы. Әнұранның мәтіні BAIKAU.KZ@MAIL.RU поштасына жіберілуге тиіс.
Көлемі A4 форматында 1 беттен аспауы керек (4-5 шумақ). Байқауға бағытталған әнұран бұрын жарияланбаған болу керек және жоғары руханилық, отансүйгіштік, махаббат пен мақтаныш идеяларын ұстануы керек.
Қазылар алқасы белгілі композиторлардан, ақындардан, суретшілерден, дизайнерлерден және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады.
Конкурстың жеңімпазы 3 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа және дипломға ие болады. Бұрын ұсынылған әнұран мәтіндері қабылданбайды.
Құжаттарды қабылдау орны: Бейбітшілік көшесі, 11 үй, кабинет нөмірі 528.0. Конкурс туралы сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 55-66-30.