Геннадий Головкинді қолдап, үздік видео жасағандар арасында байқау жарияланды

Қарағандылықтар да өз кезегінде Головкинді қолдау мақсатында YouTube хостингіндегі ERG Kazakhstan арнасында флешмоб жариялады.
Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - Стив Роллс (19-0, 10 КО). Боксшылар 164 фунтқа дейінгі аралықтағы салмақта өнер көрсетеді. Бұл бокс кеші қазақстандықтың DAZN компаниясымен үшжылдық келісімшартының алғашқы жекпе-жегі.