Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ысып, жауын жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ысып, жауын жауады

Атмосферлық ағындардың өтуіне байланысты 10 маусым күні еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, күн күркірейді және жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің тек солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайды.

«Қазгидромет» РМК-дан хабарлағандай, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жеріне түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, Павлодар облысында желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетеді.
Алматы, Қостанай облыстарында, түнде Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. 
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде күндіз аптап ыстық болады.
Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында өрт тұтану қаупі сақталады.
https://baq.kz
10 шілде 2019 ж. 602 0